7 сағатқа жуық ота жасады : Танымал журналист Аман Тасыған әкесінің денсаулығы туралы айтты (ФОТО)

23.01.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Белгілі журналист Аман Тасыған әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің денсаулығына байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің Instagram сторисінде жариялаған жазбасына сүйенсек, әкесіне өте ауыр әрі қауіпті операция жасалған. Аман Тасығанның айтуынша, ота шамамен 7 сағатқа жуық уақытқа созылған.

"Әкеме 7 сағатқа жуық ота жасады. Операция өте күрделі әрі қауіпті болды", – деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист операцияны жүргізген дәрігерлерге, медициналық қызметкерлерге және қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді. Оның айтуынша, Алланың қалауымен тоқтаған жүрек қайта соғып, өмір жалғасқан.

"Алланың арқасында, Құдайдың құдіретімен тоқтаған жүрек жұмысын жалғастырды. Сондықтан мың шүкір жаратқанға", – деді Аман Тасыған.

Журналист бұл түннің өзі мен отбасы үшін ерекше ауыр өткенін де жасырмады.

"Кеше мен үшін ғасырдан да ұзақ түн болды…", – деп түйіндеді ол.

Желі қолданушылары Аман Тасығанға қолдау білдіріп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью