Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Тараз қаласында үш баланың анасы соттың шешімімен банкрот деп танылды.
Әйел 7 жерден кредит алған. Қарыздың жалпы сомасы 7,4 млн теңгеден асып кеткен. Кредиттер бойынша төлем бір жыл бойы жасалған. Ал қарызды реттеу процедурасы нәтиже бермеген. Осыдан кейін үш баланың анасы соттан өзін банкрот деп тануды сұраған.
"Қаржы басқарушысының қорытындысы мен түгендеу актісіне сәйкес, борышкердің сатуға жататын мүлкі жоқ. Оның атында жылжымайтын мүлік, автокөлік және құнды активтер тіркелмеген. Борышкер ресми түрде жұмыссыз ретінде есепте тұрады. Екі жыл бұрын ажарасып кеткен", - делінген соттың хабарламасында.
Қазіргі кезде жалдамалы пәтерде кәмелетке толмаған үш баламен тұрады. Кіші баласына туа біткен ауруына байланысты үнемі күтім мен емдеуді қажет етеді.
Сот шешімімен арыз қанағаттандырылды. Үш баланың анасы банкрот деп танылды. Ал қаржы басқарушысына банкроттық туралы ақпаратты жариялау, барлық шектеулерді және инкассалық өкімдерді алып тастау, кредиторлармен есеп айырысу үшін арнайы шот ашу тапсырылды.
Банкрот кезінде кредит алуға және Қазақстаннан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Сот үкімі заңды күшіне енді.