Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
— 1990 жылдардан бастап жұмысқа ұлттық киім кие бастадым. Ол кезде мысқылдап күлгендер болды. Бірақ уақыт өте келе қызығушылық артты. Кейін осы әуестігім кәсіпке айналды, — деді спикер Бүгін Live бағдарламасында.
Кәсіпкер бұл бағытты бизнес ретінде дамытумен шектелмей, әлеуметтік бастамаға да ұластырған. Ол егде жастағы әйелдерді сән әлеміне тартуды мақсат етіп, оларды подиумға дайындайтын «Жасар» ұйымын құрды.
Фото: Видеодан скрин— 2007 жылы дизайнер Айдархан Қалиевпен бірге жұмыс істедім. Алматыдан Астанаға көшкеннен кейін киім өндірісіне ден қойдық. Сол кезеңде «Жасар» тобы да құрылды, — деді кәсіпкер.
Бүгінде топ ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де танылып үлгерген. Құрамында 70 жастағы Бану Жүсіпова бар ұжым Болгария мен Франциядағы сән көрсетілімдеріне қатысып, ұлттық киімді әлемге танытып жүр. Қазір тәжірибелі модель ұйым келушілеріне сән әлемінің қыр-сырын үйретуде.
— Келушілерге арнайы дефиле өткіземіз, дайындыққа шамамен екі апта қажет. Жақында ұлттық киімдер шеруіне де қатыстық, — деді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, ұлттық киім — тек сән индустриясының элементі емес, рухани құндылықтың маңызды көрінісі.
— Ұлттық киім мен ұлттық рухты бөліп қарауға болмайды, әрі ол жас талғамайды. Біз қазір шапанды заманауи стильмен үйлестіріп, сырт киім ретінде киіп жүрміз. Бас киімдерді де әдемілеп қолданамыз. Қуантатыны, жастардың да бұған қызығушылығы артып келеді, олар жаңа трендтерді қолдауға дайын, — деді ол.
Айта кетейік, бүгін елімізде Ұлттық киім күні.