70 жылда алғаш рет: Іле Балқаш қорығына Ресейден әкелінген жолбарыс жіберілді

03.08.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға болды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігі.

70 жыл жолбарыс болмаған

Жолбарыс 31 шілдеде жіберілді. Жыртқышты тарихи мекеніне қайтару жұмыстарының алдында Қазақстан мен Ресей және халықаралық серіктестер бірнеше жыл бойы бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізген.

© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігіҚазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігі

"Қазақстан аумағында жолбарыс жойылып кеткеніне 70 жылдан астам уақыт өткен соң, алғаш рет жолбарыс өзінің тарихи мекендеу ареалына қайта жіберілді. Алда жолбарыстарды тұрақты бақылау және орнықты популяция қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс күтіп тұр", - дейді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

10 жыл дайындық жүргізілген

Негізі Оңтүстік Балқаш өңірі мен Іле өзенінің бойы тарихи тұрғыдан жолбарыстың табиғи мекені болған. Бұл аумақта Орталық Азиядағы ең ірі жыртқыштардың бірі – Тұран жолбарысы мекендеген. Алайда ХХ ғасырдың ортасында тоғайлы ормандар қысқарып, жабайы тұяқты жануарлар саны азайып, браконьерліктің салдарынан жолбарыс Қазақстан аумағынан толықтай жойылды.

© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігіҚазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігі

“Жолбарыстың соңғы рет кездескені туралы нақты деректер осыдан 70 жылдан астам уақыт бұрын тіркелген. Жолбарысты тарихи мекендеу ареалына қайтаруға дайындық 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізілді”, - дейді министрлікте.

Осы кезеңде "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылып, жолбарыстың табиғи ортаға қайта оралуына қажетті жағдай жасалды. Оның негізгі қорек қоры болып саналатын жабайы тұяқты жануарлардың санын көбейтілді. Жануарларды ұстау мен бейімдеуге арналған арнайы вольерлер салынды, қажетті инфрақұрылым қалыптастырылып, тұрақты ғылыми мониторинг ұйымдастырылған.

Үміт дайын болған...

Биыл мамырда Ресей Федерациясының қолдауымен Қазақстанға табиғи ортадан ауланған төрт Амур жолбарысы жеткізілді: екі ересек жолбарыс және 6-7 айлық екі жолбарыс.

© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігіҚазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Табиғи ортаға жіберілер алдында Үмітке кешенді ветеринариялық тексерулер жүргізіліп, қажетті сынақтардан өтті. Ол табиғатқа шығуға дайын болып шықты. Табиғи ортаға жіберілер алдында Үмітке заманауи GPS/GSM спутниктік қарғыбау тағылды.

Ал аталық жолбарыс мамандардың тұрақты бақылауында болып, қажетті мінез-құлық сынақтарынан өтуді жалғастырып жатыр. Дайын болғанда ол да Үміттің қасына жіберіледі.

6-7 айлық кезінде жеткізілген тағы екі жолбарыс арнайы жабдықталған "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының вольерлерінде өсіп, жетіліп келеді. Олар 18 айлық жасқа толғанға дейін мамандардың тұрақты бақылауында болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью