71 жастағы балықшы балық аулады, бірақ олжамен түскен сурет қасіретпен аяқталды

21.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

71 жастағы Стивен Гамильтон Флоридадағы Доктор Брэдфорд атындағы мемориалдық саябақта балық аулап отырған. Бір сәтте ол балық ұстап алып, олжасымен суретке түспек болады. Алайда суретке түсу кезінде оған аллигатор тап берді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

People деректеріне сүйенсек, рептилия Гамильтонның аяғынан тістеп, су астына сүйреп кеткен. Кейінірек ұзындығы шамамен 3,6 метр болатын аллигатор ер адамды су бетіне шығарғанымен, оны жібермей ұстап тұрған.

Оқиға орнына келген аллигаторларды аулау жөніндегі мамандар жануарды құрықтап, ер адамды босатып алды. Алайда Гамильтонды аман алып қалу мүмкін болмады.

Таныстары не дейді?

Стивен Гамильтон бұл саябаққа балық аулауға жиі келіп тұрған. Саябақтың тұрақты келушісі Коннор Келли WESH басылымына берген сұхбатында шабуыл туралы үйіне қайтуға жиналған кезде білгенін айтты.

"Үйге қайтып бара жатқанда, зардап шеккен адам осы жерде күн сайын кешкісін балық аулайтын қария болуы мүмкін екенін естідім. Жүрегім бірден жамандықты сезді: оның Стив болуынан қорықтым. Өкінішке қарай, солай болып шықты", - деді ол.

Гамильтонмен бірге жиі балық аулаған досы оны мейірімді әрі жомарт адам ретінде сипаттады.

Аллигатор қазір қайда?

Шабуылдан кейін саябаққа қауіпті аллигаторларды аулау жөніндегі маман келді. Ол балықты ұстап, саябақ аумағынан алып кетті.

Флориданың жабайы табиғатты қорғау комиссиясының өкілі қаза тапқан адамның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Флориданың жабайы табиғатты қорғау комиссиясы осынау қиын сәтте марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, әзірге бар ақпарат осы", - деп атап өтті ведомство.

Тағы оқыңыз: Жолбарыстың қоршауына секіріп түскен ер адам жыртқышқа жем болды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью