76 жастағы қазақстандық саяхатшы 3 мың шақырым жол жүріп, Парижге жетті

26.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сәрсенбай Қотырашев 24 сәуірде Парижге жетіп, жаяу сапарының жаңа кезеңін аяқтады. 76 жастағы саяхатшы 3 наурызда жолға шығып, шамамен 3 000 шақырымды жүріп өтті. Оның бағыты Сербия, Мажарстан, Австрия, Германия арқылы өтіп, Франция астанасында аяқталды. Саяхат кезінде түрлі қиындықтар мен шектеулерге қарамастан, ол өз мақсатына жетті.

Фото: Баян Шайғозованың Facebook-тегі парақшасынан

Бұған дейін Сәрсенбай Қотырашев Қазақстанды жаяу аралап, кейін Кавказ асып Түркияға жеткен. Одан соң Алтай мен Моңғолия арқылы Қытайға дейін барған. Әлеуметтік желіде ол UlytauMan лақап атымен танымал. Оның әр сапары оқырманын жігерлендіріп, ерекше қызығушылық тудырып келеді.

Еуропадағы бағыт – ең күрделі кезеңдердің бірі болды. Қатаң жол қозғалысы талаптарына байланысты ол автобандармен тікелей жүре алмай, көбіне велосипед жолдары мен соқпақсыз жерлерді айналып өтуге мәжбүр болды. Тіпті жүгін артқан арбасы да ауырлыққа шыдамай қалған сәттер болғанымен, саяхатшы алған бетінен қайтпады.

Фото: Баян Шайғозованың Facebook-тегі парақшасынан

– Мен әлемге қазақ халқының қайсар, рухы биік халық екенін көрсеткім келеді. Біздің ата-бабаларымыз металды игерген, ғылыммен айналысқан, жылқыны қолға үйреткен. Мен осыны өз жолыммен дәлелдеуді мақсат еттім, - дейді Сәрсенбай Қотырашев.

Парижде жиһанкез ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде де құрметке бөленді. Онда оны қазақ мәдениетінің жаршысы ретінде қабылдап, оның миссиясын мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың жарқын үлгісі деп бағалады.

Фото: Баян Шайғозованың Facebook-тегі парақшасынан

Бүгінде ақсақалдың жүріп өткен жолы шамамен 18 мың шақырымға жетті. Оның басты мақсаты – 75 жастан асқан саяхатшы ретінде 40 мың шақырымнан астам жол жүріп, Гиннестің рекордтар кітабына ену.

Елге оралған соң Сәрсенбай Қотырашев ұсталық өнерін жалғастырып, жаңа сапарларға дайындалмақ. 2027 жылы ол АҚШ аумағын жаяу кесіп өтуді жоспарлап отыр — Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін.

Фото: Баян Шайғозованың Facebook-тегі парақшасынан Фото: Баян Шайғозованың Facebook-тегі парақшасынан

Жиһанкез қазақстандықтарды үнемі қозғалыста болып, өзін дамытуға және үлкен мақсаттардан қорықпауға шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қытайлық саяхатшы қыз велосипедпен Қазақстанды аралауға шыққанын жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью