77 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті

03.06.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: freepik.com

2026 жылдың басынан Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстарды аяқтағаны туралы сертификатты 77,4 мың азамат алды. Платформа жұмыс істей бастағалы бері онда 1,3 млн пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 109,4 мыңы – биыл тіркелгендер. Ал берілген сертификаттардың жалпы саны 1 млн 268 мыңға жетті.

Осы жылдың мамырында оқуды аяқтағандардың қатарында 43 243 әйел (55,9%) және 34 171 ер адам (44,1%) бар. Ең белсенді жас санаты – 36-50 жас аралығындағы азаматтар, олардың саны 26 309 адамды құрады. Оқуды аяқтағандардың ең көп саны Қызылорда облысында (7 595 адам), Алматы қаласында (6 405 адам), Алматы (6 152 адам) және Түркістан облыстарында тіркелді.

Оқуды аяқтағандардың жалпы санының ішінде 29,8 мыңы – жұмыссыз азаматтар, оның ішінде 16-35 жас аралығындағы 7,4 мың адам бар.

Бүгінде Платформада түрлі бағыттар бойынша 602 курс орналастырылған, оның 417-сі тегін. Оқу ұзақтығы 2 сағаттан 72 сағатқа дейін. Сонымен қатар пайдаланушыларға Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары қолжетімді, оларда оқуды жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Ең танымал курстар қатарында: «Кассир» (9 397 сертификат), «Қаржылық сауаттылық курсы» (3 589 сертификат), «Қозғалысы шектеулі адамдарды сүйемелдеуге арналған жеке көмекшінің кәсіби курсы» (2 450 сертификат) және «Әлеуметтік жұмысқа кіріспе» (1 119 сертификат) бар.

Инклюзивті білім беруді дамытудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған «Тігін ісінің негіздері: ымдау тілінде жасанды интеллектпен дыбыстау» курсы орналастырылды (https://skills.enbek.kz/ru/course-catalog/course/1275). Курсқа тіркелген 224 пайдаланушының 118-і оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.

Платформа кәсіби даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Маңызды жаңашылдықтардың бірі – Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларының еңбек мобильділігі орталықтарында жұмыссыз азаматтарды VR-технологияларды пайдалана отырып оқыту бойынша пилоттық жобаның іске қосылуы болды.

Жоба аясында бес бағыт бойынша VR-курстар әзірленді: «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау негіздері», «Токарь ісінің негіздері», «Дәнекерлеу ісі негіздері», «Слесарь ісі негіздері» және «Кондитерлік іс негіздері». Бұл формат кәсіби дағдыларды қауіпсіз виртуалды ортада пысықтауға мүмкіндік береді.

Қатысу тәртібі қарапайым: оқуға ниетті адам мансап орталығына жүгінеді, жүйе оның Skills Enbek платформасында онлайн-курсты аяқтағанын автоматты түрде растайды, содан кейін VR-жабдықтарды пайдалана отырып, практикалық сабақтарға қол жеткізе алады. Бұл мүмкіндікті жүгінген кез келген азамат пайдалана алады.

2026 жылғы мамыр қорытындысы бойынша оқудан өткен 1 960 адам жұмысқа орналасты. Бұл онлайн-оқытудың еңбек нарығында сұранысқа ие екенін және азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы тиімділігін көрсетеді.

Платформаға тіркелу және оны пайдалану мәселелері бойынша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жауапты қызметкерлеріне келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі нөмірлері: 441, 888).

Бүгін, 10:12

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью