8 ай бұрын космосқа ұшқан 3 ғарышкер бүгін Жезқазған маңына қонды (ФОТО)

09.12.2025

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Союз МС-27 экипажы Жерге аман-есен оралды. Үш ғарышкер отырған аппарат Жезқазған қаласы маңындағы дала алқабына қонды. Бұл сәтті "Роскосмос" телеграм-арнасы тікелей эфирден көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жерге қонған экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, сондай-ақ NASA өкілі Джонатан Ким болды.

Астана уақыты бойынша 10:04-те қонған капсуланы ондаған құтқарушы маман күтіп алды. Алғаш болып сыртқа шыққан Сергей Рыжиков ғарыш сапарының "сәтті аяқталғанын" айтты. Одан кейін құтқарушылар Алексей Зубрицкий мен Джонатан Кимді шығарып, алғашқы тексеруден өткізді. Үшеуінің де жағдайы жақсы екені хабарланды.

Ғарышкерлерді қарсы алу, капсуладан шығару және медициналық бақылау рәсімдері шамамен бір сағатқа созылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью