8 мамырға арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

08.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

8 мамыр күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күндіз 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C жылы болмақ.

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланып, таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сонымен қатар күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +36°C-қа дейін көтеріледі.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +30...+32°C-қа дейін ысиды.

Шымкентте де жауын-шашын болмайды. Күндіз +33...+35°C аптап ыстық күтіледі.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Ақтауда, Ақтөбеде және Атырауда күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Қарағанды, Көкшетау, Павлодар және Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай мен Петропавлда күн райы құбылып, жауын-шашын түседі.

Ал Жезқазған, Қонаев, Қызылорда, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Өскемен қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн айтарлықтай ысиды. Таразда күндіз ауа температурасы +34...+36°C, Түркістан мен Шымкентте +33...+35°C-қа дейін жетеді.

Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады

Соңғы жаңалықтар

Президенттің сайлау жүйесіндегі рөлі қандай?

Президент • Бүгін, 10:05

Мәжіліс депутаттары «Президент туралы» конституциялық заңды бірінші оқылымда қабылдады

Қоғам • Бүгін, 09:51

Қазақстанның сайлау заңнамасы қалай өзгереді?

Заң • Бүгін, 09:45

8 мамырға арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ауа райы • Бүгін, 09:25

Алматыда дәмхана отқа оранды

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:13

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:02

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Кеше

Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды

Оқиға • Кеше

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Кеше

Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды

Елорда • Кеше

Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?

Партия • Кеше

Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті

Оқиға • Кеше

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше

Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті

Мереке • Кеше

5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады

Қазақстан • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью