8 миллион теңге: хайп қуып табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргенге айыппұл салынады

11.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еліміздің Ішкі министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, соңғы кеззде әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеген. Осыған байланысты полиция мұндай әрекеттер үшін заңда көзделген жауапкершілік бар екенін ескертті. 

Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу, оларды зақымдау – заңбұзушылық. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған.

"Қылмыстық кодекстің 294-бабы – "Вандализм" бойынша мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 432 500-ден 8 650 000 теңгеге дейін) айыппұл салу, қоғамдық жұмысқа тарту, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хбарламада.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью