Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлытау өңіріндегі көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әкімдік хабарламасына сәйкес, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге 20 000 теңге көлемінде төлем беріледі.
Қазіргі таңда аталған санатқа жататын аналардың саны – 9 375. Бұл мақсатқа жалпы 187,5 миллион теңге қарастырылған.