8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

04.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2026 жылы Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірлерінде әйелдерге жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Алайда бұл қолдау барлық аймақта бірдей емес: кей өңірлерде қомақты қаржы бөлінсе, ірі қалалардың кейбірінде мерекелік төлем мүлде қарастырылмаған. Біржолғы көмектің мөлшері 8 650 теңгеден 21 625 теңгеге дейін, деп хабарлайды Egemen.kz

Айта кетейік, көптеген өңірде төлем көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, «Батыр ана» атағын алғандарға, және «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға беріледі.

Астанада 37 мың әйелге қолдау көрсетіледі

Елордада төлем көлемі 2,5 АЕК-ті (10 813 теңге) құрайды. Көмек көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне және қалада тұрақты тіркеуі бар аз қамтылған әйелдерге беріледі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылы шамамен 37 мың отбасы қамтылады. Төлемдер қалалық әлеуметтік көмек көрсету қағидалары аясында жүзеге асады.

Ең жоғары төлем Шымкентте

Шымкентте біржолғы төлем көлемі 5 АЕК-ті (21 625 теңге) құрайды. Қалада тұрақты тіркеуі бар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алғандар және «Ана даңқы» орденімен марапатталған әйелдер көмек ала алады.

Жалпы 14 267 анаға төлем жасау жоспарланған. Тізім «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының деректері негізінде жасақталады.

Қарағанды облысында кешенді қолдау бар

Өңірде 20 000 теңге көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Ол «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, «Батыр ана» атағы бар аналарға және төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға беріледі.

Ақмола облысында 2-ден 5 АЕК-ке дейін

Бұл өңірде төлем мөлшері ауданға байланысты өзгеріп отырады:

5 АЕК (21 625 теңге) – Көкшетау, Степногорск, Қосшы, Бурабай ауданы, Есіл ауданы;

3 АЕК (12 975 теңге) – Аршалы, Біржан сал, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Целиноград аудандары;

2 АЕК (8 650 теңге) – Сандықтау ауданы.

Барлығы 3 849 анаға 73,9 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді.

Маңғыстау облысында белгіленген сома

Өңірде жылына бір рет 15 000 теңге көлемінде төлем жасалады. Көмек «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, «Батыр ана» атағы бар және «Ана даңқы» I–II дәрежелі ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі. Шамамен 14 мың ана қамтылады.

Соңғы жаңалықтар

«Реал» тағы да бапкер ауыстырады

Футбол • Бүгін, 14:49

Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты

Аймақтар • Бүгін, 14:40

Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?

Саясат • Бүгін, 14:35

Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?

Қоғам • Бүгін, 14:23

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент • Бүгін, 14:12

8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?

Елорда • Бүгін, 13:44

«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады

Үкімет • Бүгін, 13:24

АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады

Әлем • Бүгін, 13:00

Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?

Сауда • Бүгін, 12:47

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады

Қоғам • Бүгін, 12:35

Найджел Джеймс Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды

Спорт • Бүгін, 12:27

Иран төңірегіндегі шиеленіс: Мұнай бағасы ай басынан бері шамамен 24%-ға өсті

Оқиға • Бүгін, 12:16

Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 11:59

«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру арқылы қалай табыс табуға болады?

Қоғам • Бүгін, 11:52

Түркия Иран азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды

Әлем • Бүгін, 11:43

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью