8 сынып оқушысы сыныптастарының үстіне бензин құйып, өртеп жіберген (ВИДЕО)

04.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Красноярск қаласындағы №153 мектепте 8-сынып оқушысы өз сыныптастарына шабуыл жасап, оларды өртеп жібермек болған. Салдарынан бір оқушының денесінің кемінде 40 пайызы, тағы екі баланың 15-20 пайызы күйік шалған, деп хабарлайды Mash.

Куәгерлердің айтуынша, қыз бала алдымен мектептің дәретханасында унитаздың қақпағын өртеп, кейін сыныпқа кіріп, оқушылардың үстіне бензин құйған. Сонымен қатар бірнеше оқушыны балғамен ұрған.

Белгілі болғандай, ол шабуыл жасайтынын мектептегі ортақ чатта алдын ала ескерткен. Тіпті кімге шабуыл жасайтынын анықтау үшін сауалнама да жүргізген. Алайда чаттағы оқушылар бұл жазбаларға мән бермеген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, шабуылға сыныптастары тарапынан елемеу мен мазақ ету себеп болған. Қызды қатарластары "хикки" деп атап, тұйықтығы үшін келемеждеген.

Оқиға салдарынан бес оқушы зардап шекті. Үшеуі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілсе, тағы екі бала балғамен соғылғаннан кейін бас-ми жарақатымен ем қабылдап жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью