8 жастағы қаһарман: Ингушетияда мыңдаған адам Хизир Дербичевпен қоштасты

23.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: Әлеуметтік желі

Жерлеу рәсіміне Ингушетия, Шешенстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Кабардин-Балқар және Қарашай-Шеркес республикаларынан адамдар барған. Олардың көбі 8 күн бойы өзен арнасы мен оған іргелес аумақтарда тәулік бойы жүргізілген іздеу жұмыстарына қатысқан. Іздеу жұмыстары судың салқындығы, жаңбырдан кейін өзен деңгейінің көтерілуі және ағыстың қатты болуы салдарынан қиындаған.

Маңғыстауда құтқарушылар сорға батқан көліктегі британдық туристерді құтқарды

Қайғылы оқиға 15 маусым күні болған. Хизир Сунжа өзенінің жағасында 2 досымен бірге жүрген. Сол кезде Адам есімді бала суға құлап кетіп, ағыс қатты жердегі ағаш бұтағына немесе тамырына жармасып үлгерген. Мұны көрген Хизир досына көмектесуге ұмтылғанымен, судың қатты ағысына төтеп бере алмай, өзі ағысқа кетіп қалған. Үшінші бала ересектерді шақыруға кеткен, соның арқасында Адам аман қалған.

Баланың көмегімен досы жағаға шыға алғанымен, Хизирдің өзін өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Баланың денесі 22 маусым күні кешке оқиға болған жерден шамамен 10 шақырым қашықтықта, Сунжа қаласындағы №4 мектеп маңынан табылды.

Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Әлеуметтік желілерде жұрт оны «кішкентай қаһарман» деп атап, 8 жасында ересектерге тән батылдық пен жанқиярлық танытқанын жазып жатыр. Көпшілік оның қауіптен қорықпай, өз өмірін құрбан ете отырып, досын құтқаруға бір сәт ойланбастан ұмтылғанын, ол 8 жылдық ғұмырында кейбір адамдардың бүкіл өмірінде жасай алмайтын ісін атқарған нағыз қаһарман екенін атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью