8 жыл өтті... Қайта қауышу : Мөлдір Әуелбекова қуанышты жаңалығын жеткізді

23.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде тыңдарман қауымға қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі биыл алғаш рет Қазақстан қалаларын аралап, әнсүйер қауыммен қауышпақ. Әнші Талдықорған, Өскемен, Тараз, Қызылорда, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында жанды дауыста концерт өткізетінін айтты.

«8 жыл өтті… Ал енді қайта қауышу сәті. Көптен күткен TOUR, сүйікті әндер, жанды дауыс және менің ең қымбат тыңдармандарым. Кездескенше!», - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншінің жаңалығын жылы қабылдап, ақ тілегін арнады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью