85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған

27.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Елімізде 2023-2024 жылдар аралығында оқудан шығарылған тұлғаларға қайта грант беріліп, 85 миллион теңгеден астам қаржы негізсіз жұмсалған. Бұл туралы Мәжілісте Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Ведомство мәліметінше, жоғары білім саласында бірқатар жүйелік мәселелер бар. Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Қаскиннің айтуынша, салада тұрақты әрі стратегиялық даму логикасы қалыптаспаған.

«2023-2024 жылдары мемлекеттік тапсырыс қаражатының тек 40%-ға жуығы орталық оператор арқылы өтіп, қалған бөлігі бірыңғай есеп жүйесінен тыс бөлінген. Жұмыспен қамту деңгейі төмен 67 жоғары оқу орнына 246 грант бөлінгені және бұрын оқудан шығарылған тұлғаларға қайта грант беру бойынша 85 млн теңгеден астам сомаға қатысты 33 жағдай анықталған», деді Тілеген Қаскин.

230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды

Жоғары аудиторлық палата мүшесінің сөзінше, 2022-2024 жылдар аралығында 24 мыңға жуық студент оқудан шығарылған, олардың оқуына бюджеттен 19,6 млрд теңге жұмсалған. Соның 10 мыңына қатысты қаржы туралы толық мәлімет жоқ. Сонымен қатар магистратураға қайта түсу арқылы еңбек өтеу міндеттемесінен жалтару жағдайлары байқалған, бұл бағыттағы ықтимал шығын 10,8 млрд теңгеге бағаланған.

ШҚО-да дәрігерлерге негізсіз қаржы төленген

Аудит нәтижесінде «Болашақ» бағадарламы бойынша 151 стипендия бекітілген лимиттен тыс тағайындалғаны анықталған. 

Соңғы жаңалықтар

«Қыздарымды басып қала жаздады»: Астанадағы саябақта балалар мінген аттракцион үзіліп кеткен

Оқиға • Бүгін, 11:58

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы

Экономика • Бүгін, 11:51

Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 11:47

Шығыс Қазақстан облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды: Күдіктілер өмір бойына сотталуы мүмкін

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43

Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Королін құттықтады

Президент • Бүгін, 11:40

Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Қоғам • Бүгін, 11:30

1 сағат ішінде есеп берілуі тиіс: Бала құқығын қорғау органдарына жедел әрекет ету міндеттелді

Қоғам • Бүгін, 11:17

Каспийде бір айда 20 рет жер сілкінді

Табиғат • Бүгін, 11:10

Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады

Бюджет • Бүгін, 11:05

Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді

Тағайындау • Бүгін, 10:58

Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?

Несие • Бүгін, 10:40

Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:29

Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты

Бокс • Бүгін, 10:23

Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты

Әлем • Бүгін, 10:20

Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді

Әлем • Бүгін, 10:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью