Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Ашық дереккөз
Ол алдағы 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінгенін атап өтті. Олардың ішінде:
бакалавриатқа – 75 371; магистратураға – 11 007; докторантураға – 3 079.Мемлекеттік тапсырысты бөлу ел экономикасының 2030 жылға дейінгі қажеттілік болжамымен сәйкестендірілген.
«Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталған», деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Ведомство мәліметінше:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 19 250; педагогикалық ғылымдарға – 13 738; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 11 662; жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға – 9 363; ауыл шаруашылығы және биоресурстарға – 3 145; денсаулық сақтау саласына – 2 700; қызметтер бойынша – 2 400; өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1 915; әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша – 1 485; бизнес, басқару және құқыққа – 1 423; ветеринарияға – 1 275 грант бөлінген.Оған қосымша еліміздің жоғары оқу орындары «Серпін» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іс-шаралармен 13 мыңнан астам оқушы, 2 мыңға жуық ата-ана және 700-ден астам кәсіптік бағдар беруші қамтылған.
Осылайша, бүгінде оқушының кәсіби диагностикасынан бастап білім беру бағдарламасын таңдауға және әрі қарай жұмысқа орналасуға дейінгі білім беру навигациясының біртұтас жүйесі қалыптасып отыр.
Айта кетейік, биыл оқу жылын аяқтаған оқушылар саны соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.