24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Елде биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігі тексерілді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізген тексеріс нәтижесінде 23 мыңнан астам өнімнің 26 пайызға жуығы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сай келмейтіні анықталды. Заңсыздықтың басым бөлігі - таңбалау талаптарына қатысты.
Сондай-ақ микро-биологиялық, физика-химиялық, органо-лептикалық, токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштер, физикалық факторлар, санитарлық-химиялық талаптар мен тұтынушыны алдау деректеріне қатысты бірқатар кемшіліктер анықталды.
Нәтижесінде 1 мың 194 жедел шара қабылданып, 8,9 тоннадан астам өнім кері қайтарылды. Бұдан бөлек, комитет онлайн-саудаға да бақылауды күшейтті. Мемлекеттік тіркеу куәлігінсіз биологиялық белсенді қоспаны жарнамалаған 800-ден астам парақша тіркелді. Оларға заңсыз жарнаманы жою туралы 358 ұсыныс хат жолданды. Ал Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдарға 28 хат жіберілді. Бүгінде Instagram-нан тоғыз парақша бұғатталды.