9 айда Қазақстанда 75,7 млн тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді Энергетика министрлігі

14.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Көрнекі сурет

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетикалық кешеннің 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы жағдайы туралы баяндады.

Ол есепті кезеңде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 млн тонна құрағанын немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2% болғанын атап өтті. Осы жылға жоспар – 96,2 млн тонна.

9 айдағы мұнай экспорты – 60,5 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 114,9%. 2025 жылғы жоспар – 70,5 млн. тонна.

«Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1% болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 100,7%-ы», —  деді Ерлан Ақкенженов.

Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 477,2 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,8%-ды құрайды. 2025 жылға арналған жоспар – 589,7 мың тонна немесе 2024 жылдың нақты көрсеткішіне қарағанда 109,2%.

Бүгін, 11:37

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью