Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бұл туралы 2026 жылғы 20 қаңтарда жарияланған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми хабарламасында айтылды.Субсидияланатын жұмыс орындарына 171,8 мың адам жұмысқа ораналасты, оның ішінде:әлеуметтік жұмыс орындарында 13,5 мың адам, жастар практикасында 30,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 100,8 мың адам, "Күміс жас" жобасы аясында 19,4 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша 7,1 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде 335 адам жұмыспен қамтылды.
Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 239 грант берілді.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 63,5 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 56,6 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 52 мың адам қамтылды, оның ішінде 29,3 мың адам оқуды аяқтады.
Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 9 734 адам жіберілді, оның ішінде 8 535 адам оқуды аяқтады.
Оқуды аяқтағаннан кейін 7 442 адам жұмысқа орналасты. Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 387 мың адам әлеум
Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнета