90 млн транзакция: Біз неге онлайн сатып алуға тәуелді болып барамыз?

30.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кешегінің күйбеңі мен бүгінгінің бедері бір-біріне ұқсамайды. Кезінде «базар – байлық көзі» десек, бүгінде сол байлық көзі алақандағы смартфонға көшкен. «Strategy&» мен Цифрлық Қазақстан Қауымдастығының 2025 жылдың алғашқы алты айына жасаған бірлескен талдауы осыны айғақтайды. Еліміздің электронды коммерция нарығы іркіліссіз ілгерілеп келеді, бірақ бұл өсімнің өз ерекшелігі бар.  Алты айдағы 90 млн транзакция – бұл жай ғана сандар шеруі емес, халықтың күнделікті тұрмыс салтының түбегейлі жаңғырғанын білдіретін құбылыс, деп жазады Egemen.kz.

Нарық көлемі мен қаржылық көрсеткіштер

Зерттеу деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың 6 айында бөлшек электрондық сауда нарығының ақшалай көлемі 1 721 млрд теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға өскен. Нарық көлемі 3,4 млрд долларға жетіп, 4%-дық өсімді тіркеді.

Алайда, тоқсандық динамика нарықтың өсу қарқынының біршама бәсеңдегенін байқатады. Егер 2025 жылдың бірінші тоқсанында көрсеткіш 863 млрд теңге болса, екінші тоқсанда бұл сан 859 млрд теңгеге дейін (0,4%-ға) азайған. Бұл құбылыс нарықтың экстенсивті дамудан кемелденген, тұрақты қалыпқа көшуімен түсіндіріледі.

Өткен жылы онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсалған

Транзакциялар динамикасы және тұтынушылық мінез-құлық

Нарықтың ақшалай өсімінен гөрі, операциялар санының артуы әлдеқайда қарқынды болды. Есепті кезеңде транзакциялар саны 27%-ға артып, 90,1 млн бірлікті құрады. Бұл – халықтың онлайн сатып алуды жиілеткенін, бірақ сомасы азырақ тауарларға басымдық бере бастағанын аңғартады. Осыған байланысты орташа чектің төмендеуі байқалады:

Теңгедегі орташа чек: 19,1 мың теңге (былтырғыдан 6%-ға аз). Доллардағы орташа чек: 37,3 доллар (18%-ға төмендеген).

Strategy& серіктесі және Еуразия өңіріндегі консультациялық практиканың жетекшісі Наталья Лим нарықтағы бұл өзгерістерді былайша тұжырымдайды:

«2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы бөлшек электрондық коммерция нарығы өсуін жалғастырып, 1 721 млрд теңгеге немесе 3,4 млрд долларға жетті. Ағымдағы динамика нарықтың біртіндеп неғұрлым кемелденген даму моделіне көшуін айғақтайды, мұнда өсім онлайн-арналардың күнделікті тұтыну дағдысына айналуы есебінен қамтамасыз етіледі. Маркетплейстер төмен құны бар күнделікті қажетті тауарларға деген сұранысты шоғырландыра отырып, онлайн-тұтыну ландшафтын өзгертуде шешуші рөл атқаруды жалғастырып отыр. Транзакциялар саны 27%-ға өсті, ал теңгедегі орташа чек 6%-ға төмендеді», дейді Наталья Лим.

Шетелден зат алу ережесі өзгерді: Салық қалай есептеледі?

Маркетплейстердің үстемдігі және нарық құрылымы

Отандық e-commerce нарығында маркетплейстердің үлесі абсолюттік көрсеткішке жақындап келеді. Бүгінде барлық онлайн сауданың 92%-ы маркетплейстер арқылы өтеді (былтыр бұл көрсеткіш 89% еді).

Жергілікті платформалар нарықтың 68%-ын иеленеді. Халықаралық платформалар: 24%-ды құрайды. Жеке интернет-дүкендер үлесі 8%-ға дейін қысқарған, бірақ олардағы орташа чек (37,7 мың теңге) маркетплейстерге (18,4 мың теңге) қарағанда екі есе жоғары. Бұл мамандандырылған дүкендердің қымбат әрі нишалық тауарлар сегментінде сақталғанын білдіреді.

Маркетплейстердегі тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеу ережесі реттелмек

Даму драйверлері мен негізгі трендтер

Зерттеу авторлары нарықтың өсуіне бірнеше фактордың әсер еткенін атап өтті:

Логистикалық инфрақұрылым: Фулфилмент-орталықтар мен тапсырыс беру пункттерінің жаппай ашылуы жеткізу уақытын қысқартып, қолжетімділікті арттырды. Цифрлық сауаттылық: Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны 19,5 млн-ға (халықтың 93,4%-ы) жетті. Қаржылық құралдар: Бөліп төлеу мен несиелік өнімдердің маркетплейстермен бірігуі сауданың негізгі қозғалтқышы болып қала бермек. Алайда, 2025 жылдың екінші тоқсанындағы бәсеңдеу тұтынушылық несие беруді реттеудің қатаңдауымен де байланысты болуы мүмкін.

Қазақстандағы электрондық коммерцияның жалпы бөлшек саудадағы үлесі 17,1%-ға жетті. Бұл – әлемдік деңгейдегі орташа көрсеткіштермен иық тіресетін нәтиже. 

Маркетплейстерде «Қазақстанда жасалған» деп аталатын арнайы бөлім ашылады

Сауданың онлайн болғаны – заман ағымы. Бірақ сол виртуалды сөрелерде отандық өндірушілердің өнімі де салмақты орын алса, ұлттық экономиканың еңсесі одан бетер тіктелері анық. Цифрлық әлемнің шырмауына іліккенде, сатып алудың жеңілдігіне ғана емес, оның экономикалық тиімділігі мен ұлттық мүддеге сәйкестігіне де мән берген абзал.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью