Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзіне парламентшінің жалақысы жетпейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты ол жұбайынан жұмысқа шығуын өтінген көрінеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзіне парламентшінің жалақысы жетпейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты ол жұбайынан жұмысқа шығуын өтінген көрінеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін журналистер Базарбектен Парламент депутаттарына қазіргі жалақылары жете ме деп сұрады.
"Қазіргі жалақы жетпеуі мүмкін. Өздеріңіз қараңыздар: 500, 700, 800 мың - кімге жетеді? Әсіресе отбасында 5–6 бала болса. Кейбір депутаттарымыздың 5–6 баласы бар", - деді мәжілісмен.
Оның айтуынша, табыстың қомақты бөлігі тұрмыстық шығындарға, балабақша, үйірме ақысына және тағы басқаларға жұмсалады.
"Баланы балабақшаға апару, үйірмелерге қатыстыру, киіндіру - соның өзіне 300 мың кетеді. Ал азық-түлік бағасының өсіп жатқанын ескерсек, миллион теңге де жетпейді", - деді депутат.
Базарбек сондай-ақ журналистерге өзінің "900 мыңнан астам теңге" алатынын айтты.
"Жеке маған жетпейді. Сондықтан жұбайымнан да жұмыс істеуін өтіндім, болды", - деп толықтырды ол.