900 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елге тартылған инвестиция жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. 2025 жыл еліміздің еңбек нарығы үшін нәтижелі болды.

Айталық, былтыр мемлекеттік бағдарламаларға 306 мыңнан астам адам қатысып, 912 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Субсидияланатын жұмыс орындарына 172 мыңға жуық адам тартылды. Олардың ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 13,5 мың адам, жастар практикасына – 30 мың 600 жас, қоғамдық жұмыстарға – 100 мыңнан астам азамат орналасты. Сондай-ақ «Күміс жас» жобасы бойынша – 19 мың, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы арқылы – 7 мыңнан аса  жас маман, ал «Ұрпақтар келісімшарты» аясында 335 адам еңбекке араласты. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға өз ісін бастауға мүмкіндік беретін 9 мыңнан астам грант ұсынылды. 

Белсенді шаралар арқылы 181 мың адам еңбекке тартылды. Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға 254 мың азамат жолдама алып, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 434 мың адам жаңа жұмысқа орналасты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью