Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Түркістан облысында ветеринарлық қызметте 928 млн теңгені жымқыру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокуратура мәліметінше, заңбұзушылық «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК қызметін тексеру барысында анықталған.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2022–2025 жылдар аралығында мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлері мемлекеттік сатып алу кезінде төлем құжаттарына әдейі жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын заңсыз аударып отырған.
Олар кәсіпкерлерге қаражат аудару барысында өздерінің электронды цифрлық қолтаңбаларын (ЭЦҚ) пайдаланған. Ал заңсыз әрекеттерді жасыру үшін төлем тапсырмаларында бірдей ЖСН көрсетіп, тек ұйым атауларын өзгертіп отырған.
Алайда шын мәнінде көрсетілген компаниялар қызмет көрсетпеген және тауар жеткізбеген. Соның салдарынан мемлекетке ірі көлемде залал келтірілген.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігімен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
2026 жылғы 26 наурызда төрт адам — ветқызметтің екі бұрынғы басшысы, орынбасары және бас есепшісі күдікті ретінде танылып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта өзге де тұлғалардың қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.
Ақтөбе облысында шенеунік пен екі депутат 672 млн теңге жымқырған
Соңғы жаңалықтар
«928 млн теңге»: Түркістан облысында ветеринарлық қызмет мемлекеттен ірі қаражат жымқырған
Қоғам • Бүгін, 10:30
Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 10:20
Су тасқыны: Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдарды су басты
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстанда қай жолдар ашық, қай бағыт жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:50
28 наурыздағы Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарында валюта бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жүйелі жұмыс: заңсыз алынған жер қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы
Форум • Бүгін, 09:15
Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10
Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды
Форум • Бүгін, 09:05
Қостанайда жасалған қуатты комбайн
Өндіріс • Бүгін, 09:00
Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі
Құқық • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:50
Экономика • Бүгін, 08:45
Руханият • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:35