94 миллиард теңге : алматылықтар Сергек камерасының салдарынан қанша айыппұл төлегені анықталды

31.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Сергек» камераларының арқасында Алматы қазынасына 94 миллиард теңге түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл туралы Алматы мәслихаты депутаттарының отырысында Қала цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында «Сергек» компаниясымен келісімді 1 жылға ұзарту мәселесі қаралды.

–  Шарттың қолданылу мерзімінің 5 жыл ішінде барлығы өндірілді. 14 миллиард теңге мемлекеттік міндеттемелерді алып тастағанда 5 жыл ішінде 94 миллиард теңге айыппұл өндірілді. Бұл қаржы Алматы қаласының бюджетіне түседі, – деді Мейрам Дүйсеков.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью