Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Сериялық алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақтандық Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
"Тергеу деректеріне сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкент қаласының 4 тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденіп, оларға жиынтығында шамамен 95 млн теңге көлемінде залал келтірген", - дейді прокуратура.
Жәбірленушілердің ақшалай қаражатын иемденгеннен кейін күдікті бой тасалаған. Осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды. Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында.
Мұндай қылмыс үшін мүлкін тәркілеп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.