9,6 млн гектар аумақ дронмен бақыланады: өртке қарсы ірі жүйе іске қосылды

30.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазіргі таңда жүйе «Сайрам-Өгем», «Баянауыл», «Қарқаралы», «Бұйратау», «Іле-Алатауы» және «Көлсай көлдері» ұлттық парктерінде енгізіліп жатыр. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін бұл жүйені Шығыс Қазақстан облысының аумағына кеңейту жоспарланған.

— Биыл ормандарды авиациялық қорғаумен қамту көлемі 8,8 млн гектардан 9,6 млн гектарға дейін артты. Оған қоса, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елорда маңындағы жасыл белдеуде 3 жаңа орналасу нүктесі ашылды. Қазіргі уақытта авиациялық нүктелерде 18 тікұшақ және 3 ұшақ орналастырылған.Жалпы өрт қаупі жоғары кезеңде 26 әуе кемесі жұмылдырылады. Оның ішінде 13 тікұшақ кемінде 600 литр су сыйымдылығы бар су төгетін құрылғылармен жабдықталған, — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұдан бөлек, орман иеліктерінде бүгінгі күні 626 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

— Өткен жылдармен салыстырғанда дрондар арқылы патрульдеу саны айтарлықтай артқан және олар толықтай жұмыс режимінде пайдалануға дайын, — деді спикер.

Бұған дейін өрт қауіпі бар маусымға 7 мыңнан астам маман жұмылдырылатынын жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью