Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Іс-шараға Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл Тани, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Ұлттық баскетбол федерациясының басшысын сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Абай Алпамысов жаңа мерзімге федерация президенті болып сайланды.
Айта кетейік, Абай Алпамысов Қазақстан баскетбол федерациясын 2022 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол 2013-2017 жылдары да ұйым президенті қызметін атқарған.
Сондай-ақ, ол FIBA Азия басқармасының мүшесі.
Бүгін, 2026 жылдың 25 тамызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті Сауд Али Әл-Тәнимен кездескен болатын.