Абай ауданында жанар жағармай бекеті ашылды

28.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық жобасы аясында Абай ауданына инвестиция тартылып, облыстық маңызы бар «Қарауыл – Семей» автожолы бойында жаңа жанар-жағармай бекеті пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жалпы аумағы 2 500 шаршы метрді құрайтын нысанның құны – 350 миллион теңге. Бекет заманауи жабдықталған 6 колонкамен қамтылған. Бір мезгілде 12 көлікке бензин және дизель отынын құюға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жолаушыларға арналған шағын маркет те қарастырылған. Қазіргі таңда компанияның еліміз бойынша 43 сауда нүктесі жұмыс істейді. Абай ауданында ашылған жаңа бекетте 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Мейіржан Смағұлов қатысып, жобаның Абай ауданында жүзеге асуына қолдау білдірген «LUKOIL Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Жейхун Мұсаоғылы және «GAS&MҰНАЙ» ЖШС директоры Серік Амангелдіұлына алғыс білдірді.

Жоба аудан тұрғындары мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар

Үндістанда Нипах вирусына қарсы қауіпсіздік шаралары күшейді

Әлем • Бүгін, 18:42

Доллар әлсіреп барады: Инвесторлар неге алаңдады?

Әлем • Бүгін, 18:36

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Футбол • Бүгін, 18:20

ChatGPT-де жарнама пайда болады

Қоғам • Бүгін, 18:15

Бекжан Мейірбаев: Зайырлы мемлекет қағидатының маңызы артып келеді

Қоғам • Бүгін, 18:00

«Бір ел – бір кітап» акциясы: Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы таңдалды

Әдебиет • Бүгін, 17:53

Австрия экс-министр Карин Кнайсльді азаматтығынан айырады

Әлем • Бүгін, 17:43

Конституциялық комиссия: Қазақстан аумағының тұтастығы туралы норма өзгеріссіз қалады

Қазақстан • Бүгін, 17:32

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

Ата заң • Бүгін, 17:21

Тоқаев: IT-компаниялар әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет

Президент • Бүгін, 17:14

Бақыт Нұрмұханов: Халық кеңесі барлық азаматтың мүддесін білдіреді

Ата заң • Бүгін, 17:01

«Turning points Qazaqstan» журналының алғашқы саны таныстырылды

Білім • Бүгін, 16:58

Қазақстан «Лукойл» компаниясына қатысты АҚШ-қа хат жолдады

Экономика • Бүгін, 16:44

Конституцияның преамбуласы толық жаңартылады

Ата заң • Бүгін, 16:37

Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді

Ата заң • Бүгін, 16:20

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью