Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
«КАЖсервис» ЖШС мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қалың қар жауып, боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуінен бірнеше жол жабылды.
— «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка кенті мен Риддер қаласының аралығы), «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 1104-1191, 1194-1212, 1013-1062 шақырымдарында, «Өскемен-Семей» тасжолының 10-103 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды, — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» жолының 0-187 шақырымы (Алматы-Өскемен автожолынан Таскескен ауылына бұрылыстан ҚХР шекарасына дейінгі аумақ) жабылды.
Еске салсақ, осыған дейін Астана қалалық ТЖД күннің күрт бұзылуына байланысты тұрғындарға ескерту жасағаны хабарланған.