Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Абай облысында жел энергиясы мен күн сәулесін пайдалануға негізделген жаңартылатын энергия көздері дамып жатыр, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Бүгінде өңірде жалпы белгіленген қуаты 159,7 МВт болатын 8 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.
Оның ішінде:
7 жел электр станциясы – 129,7 МВт;
1 күн электр станциясы – 30 МВт.
Жел энергетикасы ерекше орын алады. Өңірдегі ең ірі нысан – Аягөз ауданында орналасқан қуаты 100 МВт "Абай-1" жел электр станциясы.
Сондай-ақ облыста "Винд Чарск", "ВЭС-Чарск", "Чарск Ветер", DES Consulting, Ventum Energy және EastWindEnergy жел энергетикасы нысандары жұмыс істейді.
Күн энергетикасы Жарма ауданында орналасқан қуаты 30 МВт "Жангиз Солар" электр станциясымен ұсынылған.