Абай облысында 20 жастағы бойжеткенді өлтіру ісінде ата анасы ауыр жаза талап етуде

26.08.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Абай облысында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованы өлтірді деген күдікке бұрынғы жігіті ілінді, деп хабарлайды «КТК» арнасы. 

Қыздың денесіне 12 рет пышақ сұғылғаны және басынан ауыр жарақат алғаны анықталды. Қара жамылған отбасы істі аса қатыгездікпен жасалған қылмыс ретінде қайта саралауды және күдіктінің ең ауыр жазаға тартылуын талап етуде.

Оқиға 13 шілдеде болған. Дильназ Семейдегі Шәкәрім университетінің II курс студенті, әулеттің жалғыз перзенті еді. Таңертең оның денесі көшеден табылған. Сараптама нәтижесінде қыздың денесі сүйрелгені және басынан қатты жарақат алғаны белгілі болды.

Ата-анасы күдіктінің қылмыс жасаған пышағы мен киімі даладағы әжетханадан табылғанын айтты. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданбақ.

Марқұм тарих және география мамандығы бойынша білім алып, ағылшын мен кәріс тілін жетік меңгерген. Отбасы қылмыскердің заңға сәйкес ең ауыр жазаға тартылуын талап етіп отыр.

Бүгін, 13:05

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью