Абай облысында 263 отбасылық тиран есепке қойылды | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
— Әрбір санның артында нақты адамдар, көмекке мұқтаж шынайы отбасылар тұр. Өтініштердің басым бөлігі — 208 отбасылық жанжал.
Кейде қарапайым сөз таласы жағдайдың ушығуына, өмір мен денсаулыққа қауіп төнуіне әкеліп соғады.
Шақыртулар көбіне әйелдерден түседі, алайда кей жағдайларда ер адамдар да «тәртіпсіз» туыстарының әрекетін шектеу үшін полицияның көмегіне жүгініп жатады, — дейді тәртіп сақшылары.
Облыстық полиция мәліметінше, қорғау нұсқамасын бұзу деректері — құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.
— Мұндай 17 жағдай тіркелді, сондай-ақ мінез-құлыққа қойылған ерекше талаптарды бұзудың 16 фактісі анықталған.
Бұл талаптарға отбасы мүшелеріне жақындауға тыйым салу, алкоголь мен есірткі заттарын қолданбау жатады.
Алдын алу әңгімелері мен ескертулер нәтиже бермеген кезде, полицейлер отбасын қорғау және ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қатаң шаралар қолданады.
Читать полностью
Читать новость