Абай облысында аграрлық саланы дамыту үшін 45 жоба іске асты

01.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Абай облысына қарасты 35 елді мекенде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 47 жоба іске асты.

Өңір бойынша 190 шақырымнан астам жол жаңартылды. Бұл туралы Сенат комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Сенаторлар облыстың аграрлық саласын дамытуды талқылап, бірқатар кәсіпорынның тынысымен танысты. Аймақтың ауыл шаруашылығында тұрақты өсім бары айтылды. Соңғы 9 айда 339,5 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Ет-сүт фермаларын ашу, құс шаруашылығы мен суару саласы қамтылған агроөнеркәсіп кешенін 2028 жылға дейін дамыту үлгісі әзірленді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью