Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
20 маусым мен 1 тамыз аралығында Абай облысында алғаш рет «Алакөл алаулары – 2026» мәдени-туристік фестивалі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Фестиваль мәдениет пен туризм салаларын тоғыстырып, өңір тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды әрі тартымды бағдарлама ұсынады. Бағдарлама аясында танымал отандық өнерпаздардың концерттері, облыстың қала-аудандарының шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуі, сондай-ақ мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Фестиваль бағдарламалары апта сайын өткізіліп, әр аудан Абай өңірінің тарихын, салт-дәстүрін және шығармашылық әлеуетін таныстыратын арнайы мәдени бағдарламасын ұсынады.
Фестиваль ашылған күннен бастап көрермендердің ерекше қызығушылығына ие болды. Салтанатты ашылу рәсіміне шамамен 7,5 мың адам қатысты. Талдықорған қаласының мәдениет күндері аясындағы іс-шараларға 4 мыңға жуық көрермен жиналса, Семей қаласының мәдениет күндері аясындағы концерттік бағдарламаны 8,5 мыңға жуық адам тамашалады.
Мәдени жобалармен қатар, Алакөл жағалауындағы туристік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.