Абай облысында алимент төлеуден жалтарған екі тұрғын сотталды

01.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бір жағдайда борышкер екі баласын асырауға арналған қаражатты төлемей, әдейі жұмысқа орналасудан бас тартқан. Оның берешегі 1,7 млн теңгеден асқан.

Екінші жағдайда борышкер екі баласына 700 мың теңгеден астам қарызы бола тұра, өзінің жұмысқа орналасқаны туралы жеке сот орындаушысына хабарламаған.

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімдерімен ауданның екі тұрғыны ҚР ҚК-нің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Сонымен қатар, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот процестері 12 алимент борышкері мен өндіріп алушылардың қатысуымен көрсетілімді түрде өткізілді.

Айта кетелік шетелдіктер Қазақстан азаматтарына алимент төлейтіні не төлемейтіні туралы жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью