Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 19 шілде-Sputnik. Биылғы жылдың 6 айында Абай облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлері қол іздерінің көмегімен 92 қылмысты ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сонымен қатар 73 жағдайда криминалистикалық зерттеулердің нәтижелері қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтап, істердің ашылуына ықпал еткен.
© Photo : ПолицияАбай облысында алты айда қол іздерінің көмегімен 92 қылмыс ашылды
Абай облысында алты айда қол іздерінің көмегімен 92 қылмыс ашылды
© Photo : Полиция
"Қол іздері – қылмысты ашудағы ең маңызды әрі сенімді дәлелдердің бірі. Оларды дер кезінде анықтау, сапалы түрде алу және зерттеу қылмыс жасаған адамның жеке басын анықтауға, оның оқиға орнымен байланысын дәлелдеуге мүмкіндік береді", - дейді полиция.
Айтуларынша, осындай жұмыстың нәтижесінде қылмыстар ашылып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.