Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Абай облысының прокуратурасы Мамандырылған ХҚКО лауазымды тұлғаларының заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Олар ақшалай сыйақы үшін азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәліктерін алуға заңсыз жәрдем көрсетті деген күдікке ілінген.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде азаматтардан жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандардан сәтті өткізу мақсатында заңсыз ақша алу схемасы анықталды.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Мамандырылған ХҚКО-ның жекелеген қызметкерлері сенімді тұлғалар арқылы жүргізуші куәлігін ақшалай сыйақыға алуға мүдделі азаматтарды іздеумен айналысқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, заңсыз схемаға делдалдар тартылған, олар үміткерлерге нұсқаулық жүргізіп, теориялық емтихан тапсыру кезінде дұрыс жауаптарды алуға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз еткен. Аталған техникалық құралдар алынып, заттай дәлелдемелер ретінде танылған.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Абай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыметкерлері Мамандырылған ХҚКО-ның лауазымды тұлғаларын ұстады", - дейді прокуратура.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық мән-жайларын, сондай-ақ оған қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.