Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Абай облысының прокуратурасы Аягөз ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тексеріс жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, тәрбиеленушілерге қатысты санитарлар тарапынан жүйелі түрде жасалған 100-ден аса физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық фактісі анықталды, олар тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланған.
Бұдан бөлек заңсыз әрекеттер көз алдында жасалып, олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбаған мекеменің кейбір қызметкерлерінің әрекетсіздігі әшкереленді.
"Аталған факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 140-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады: "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, қатыгездікпен қараумен ұласуы, екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалуы", - деп хабарлады ведомство.
Анықтама. Бап санкциясы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыру немесе онсыз жаза қарастырылған.
Прокуратура тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауы шектелгенін атап өтті.
Бұған дейін Астанада түзету балабақшасының тәрбиешісі полицияға жеткізілген болатын, бұған әлеуметтік желілерде оның балаға күш қолданған сәті түсірілген видеоның жариялануы себеп болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу