Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Абай облысында әскери қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Arnapress.kz.
"5 наурыз күні Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер өмірге қауіпті жарақат алып, көз жұмды", – делінген гарнизонның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.