Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шар қаласының теміржол станциясына Қызылорда-Семей бағытындағы пойызбен келген жолаушылар ары қарай жұмыс бабымен Шығыс Қазақстан облысына жол тартуы тиіс болған.
Алайда қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолы жабылып, жұмыс беруші мекеменің автокөліктері Семей қаласынан шыға алмай қалған.
— Қиын жағдайға тап болған азаматтар шұғыл түрде «102» арнасына хабарласып, көмек сұрады. Тәртіп сақшылары келіп жетіп, оларды Шар қаласындағы спорт кешеніндегі жылыту бекетіне орналастырды. Азаматтарға қажетті жағдай жасалып, олардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданды, — делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да боранда полицейлер 600-ден астам автокөлікті колоннамен алып жүргені хабарланған.