Абай облысында дауыс беру процесін қадағалап отырмын Бекзат Шыңғысбекұлы

15.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Абай облысының тұрғындары да референдумға белсенді қатысып жатыр. 

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, Абай облысында сағат 10:00-ге дейін рефрендумда дауыс беруге тіркелген азаматтардың 17,98% қатысты. Өңірде дауыс беру үздіксіз жалғасып жатыр. Абай облысында өтіп жатқан рефрендум барысы туралы тәуелсіз байқаушы Бекзат Шыңғысбекұлының пікірін білген едік.  

«Бүгін – референдум күні. Бұл – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз белсенділігін танытатын маңызды тарихи күн. Абай облысы Семей қаласы №30 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясынан бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Менің мақсатым дауыс беру процесін бақылап қана қоймай, барлығы заң талабына сәйкес өтуін қадағалап отырмын. Жалпы референдум  – бұл әр азаматтың өз пікірін білдіріп, ел болашағына үлес қосатын маңызды саяси науқан. Абай облысының тұрғындары белсенді түрде келіп, өздерінің азаматтық борышын орындап жатыр. Еліміздің болашағы үшін маңызы бар күнде халықтың танытып жатқан белсенділігі мен жауапкершілігі өте қуантады»,  – Бекзат Шыңғысбекұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан бойынша референдумға қатысушылардың үлесі жайында  хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью