Абай облысында Мамандандырылған ХҚО қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

26.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде азаматтардан жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандардан сәтті өткізу мақсатында заңсыз ақша алу схемасы анықталды. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Мамандырылған ХҚКО-ның жекелеген қызметкерлері сенімді тұлғалар арқылы жүргізуші куәлігін ақшалай сыйақыға алуға мүдделі азаматтарды іздеумен айналысқаны анықталды.

Сонымен қатар заңсыз схемаға делдалдар тартылған, олар үміткерлерге нұсқаулық жүргізіп, теориялық емтихан тапсыру кезінде дұрыс жауаптарды алуға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз еткен. Аталған техникалық құралдар алынды, заттай дәлелдемелер ретінде танылды.

Енді ХҚО-ларда кейбір құжаттар берілмейді: Оны қайдан алуға болады?

Жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Абай облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері Мамандырылған ХҚКО-ның лауазымды тұлғаларын ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылықтың барлық мән-жайларын, сондай-ақ оған қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Абай облысының прокуратурасы пара беру мен пара алуды, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді заңсыз жолмен алуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары прокуратура органдарының ерекше бақылауында», делінген ақпаратта. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью