Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Бюджет қаражатын жымқыру фактісі Мақаншы ауданының Қарабұтақ орта мектебінде анықталды.
"Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған, сондай-ақ іс жүзінде еңбек қызметін атқармаған жұбайына заңсыз түрде жалақы аударған", - деп жазылған хабарламада.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған.
Аудан прокуратурасы "сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазіргі уақытта келтірілген залал ішінара өтелді.