Абай облысында өзгенің банк шоттарынан қаражат ұрлаған күдікті ұсталды

16.10.2025

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Аягөз ауданының полиция бөліміне 62 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз тұлғаның оның банк шоттарынан ақшаны қолды еткенін хабарлап, арызданған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: polisia.kz

Аталған факті бойынша жүргізілген тексеру барысында жәбірленушінің ұялы телефоны арқылы Halyk Bank мобильді қосымшасынан 407 000 теңге және Kaspi Bank қосымшасынан 167 000 теңге көлемінде қаражаттың рұқсатсыз шешіп алынғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде  күдікті ретінде 25 жастағы Аягөз ауданының тұрғыны ұсталған.
Тергеу барысында ол 62 жастағы ауылдасының телефонын тауып алып, банк шоттарынан қаражатын өзге адамға аударған, кейін ақшаны жеке қажеттіліктеріне жарату үшін шешіп алғанын мойындаған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью