Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
“Бекет-1” бекетінің қызметкері Нұржан Алтынбековке әйел адам жүгініп, қызының жағдайы күрт нашарлағанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Нұржан Алтынбеков бірден патруль шақырды.
Патрульдік полиция экипажының қызметкерлері Дархан Жұмашев мен Азамат Айтжанов оқиға орнына тез жетіп, еш ойланбастан шұғыл түрде ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылдады.
Бала дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, онда дәрігерлер шұғыл көмек көрсетті. Қазіргі таңда қыз бала аман, жағдайы тұрақты.
— Егер полицейлер болмағанда, не боларын білмеймін. Уақытында жеткізді. Олар менің баламды құтқарып қалды, — деп қыз баланың анасы полицейлерге алғыс білдірді.