Абай облысында полицейлер боранды күні 150 көлікті сүйемелдеді

06.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кешкі сағат 17:00–де полиция қызметкерлері біржолғы өткізу тәртібімен 150 жеңіл автокөліктен құралған колоннаны қауіпсіз түрде сүйемелдеуді қамтамасыз етті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қозғалысты реттеу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Қысқы кезеңдегі күрделі жол жағдайын ескере отырып, полиция қызметкерлері жол бойындағы тәртіпті қатаң бақылауда ұстап, қозғалыстың үздіксіз әрі қауіпсіз өтуіне жағдай жасады. Сүйемелдеу барысында барлық қауіпсіздік талаптары сақталып, арнайы техника мен қызметтік көліктер жұмылдырылды. Колонна белгіленген тәртіпке сай қозғалып, жүргізушілерге қажетті нұсқаулар берілді. Нәтижесінде көліктер маршрут бойымен кедергісіз өтіп, жол-көлік оқиғаларына жол берілген жоқ.

Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Омаров қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігі туралы еске салды.

 — Қыс мезгілі — жол қозғалысына қатысушылар үшін ең қауіпті кезеңдердің бірі. Сондықтан полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына қарамастан, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы қызмет атқарып келеді. Көліктерді сүйемелдеу — жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудың тиімді тәсілдерінің бірі. Жүргізушілерден жолда мұқият болып, полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, — деді ол.

Осыдан бұрын Абай облысында 50 жолаушы мінген автобус аударылып қалғанын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью