Абай облысында пышақ жарақаттары бар бойжеткеннің мәйіті табылды

14.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: istockphoto.com

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінің маңынан қыздың мәйітін байқап, полицияға хабарлаған.

«Аталған фактіге қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Эверестте 30 жылдан бері мәйіті жатқан альпинистің кім екені белгілі болды

Тергеу мәліметінше, күдікті мен марқұм бір-бірін таныған. Олардың арасында жанжал туындап, соңы қайғылы оқиғаға ұласқан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматы облысында былтыр қазан айында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының Леңгір қаласында қараусыз қалған ғимараттан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылған еді. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмаған бойжеткен ұсталды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью