Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Абай облысында 5 қарашаға дейін дауылды ескерту жарияланды. 4 қарашада түнде облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.
5 қарашада жауған қалың қардың соңы бұрқасынға айналуы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі. Сондай-ақ алдағы тәуліктерде облыс аумағында жел күшейіп, түнде 10 градусқа дейін суытуы ықтимал. Күн райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге жолда мұқият болып, ұзақ сапарға шықпауды ескертті.