Абай облысында шахтада жұмысшылар зардап шекті

03.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Абай облысындағы Орлов шахтасында 6 шахтер зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 1 шілдеде болған. Орлов шахтасында жұмысшылар тасымалдайтын лифт жылдамдықпен келе жатып, бірден тоқтаған. Салдарынан шахтаның алты жұмысшысы зардап шекті.

Жұмысшылар денсаулық сақтау пунктіне медициналық көмекке жүгінді. Үшеуінің денесінде жеңіл көгеру диагнозы қойылды, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емге жіберілді.

"Тағы үш жұмсышы Семей қаласындағы ауруханада қосымша тексеруден өтті. Оның қорытындысы бойынша оларға жеңіл дәрежедегі көгерулер диагнозы қойылды", - дейді KAZ Minerals Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.

Шахтерлердің барлығы амбулаториялық емге жіберілген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью